Атырау, 6 желтоқсан 08:26
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Қазақстанда жол қауіпсіздігінің бірыңғай цифрлық платформасы - TOR іске қосылды

313 рет қаралды

Сурет: Polisia.kz


Елімізде TOR деп атиалатын жол қауіпсіздігінің бірыңғай цифрлық платформасы іске қосылды. Бұл жүйе елдегі жолдарда болып жатқан барлық оқиғаларды нақты уақыт режимінде жинақтап, реттеп көрсетіп отырады. 

Платформа ішкі істер органдары қызметкерлеріне арналған бірыңғай «цифрлық терезе» ретінде жұмыс істеп, жол жағдайын ұлттық деңгейде басқаруға, талдауға және үйлестіруге мүмкіндік береді.

TOR платформасы деректерді төрт негізгі көзден жинақтайды: қалалар мен тас жолдардағы стационарлық кешендерден, патрульдік полицияның мобильді бекеттерінен, дрондардан және өзге де қосылған жүйелерден. 

Жүйе өңірлер, оқиға түрлері және уақыт кесіндісі бойынша талдау жасап, апат жиі болатын нүктелерді анықтауға, қауіпті жүргізушілерді тіркеуге, сондай-ақ үзіліссіз сегіз сағаттан артық көлік жүргізіп отырған тұлғаларды бақылауға мүмкіндік береді.

12 тамыз, 13:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.