Атырау, 6 желтоқсан 08:26
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Терроризммен күрес: Қазақстан соттары 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын берді

278 рет қаралды

2025 жылдың шілдесінде ҰҚК материалдары бойынша 7 қазақстандық террористік қылмыс жасағаны үшін сотталған, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

Түркістан қаласының соты шетелдегі террористік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін, жергілікті тұрғынын 8 жылға бас бостандығынан айырды. Бұған дейін ол шет мемлекеттің аумағында ұсталып, серіктес арнайы қызметтердің бірімен әрекеттесе, арнайы күзетпен Қазақстанға депортацияланған.

Алматы облысының түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан радикалды идеологияның жақтаушысы кісі өлтіруге әрекеттенгені және терроризмді насихаттағаны үшін қосымша 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының, Алматы және Астана қалаларының соттары терроризмді насихаттап, шетелдегі соғыс қимылдары аймақтарына шығуға әрекеттенгені үшін еліміздің 5 азаматын 4 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

12 тамыз, 12:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.