
Қылмыстық кодекстен жазаның жоқ түріне (өлім жазасына) негізделген шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салу туралы норма алынып тасталды.
Конституциялық Сот Қылмыстық кодекстің 72-бабы сегізінші бөлігінің 1) тармағын Конституцияға сәйкес емес деп таныды. Оған сәйкес шартты түрде мерзімінен бұрын босату өлім жазасы түрінде тағайындалған жазасы кешірім жасау тәртібімен не өлім жазасын жоятын заңның қолданылуына байланысты бас бостандығынан айыруға ауыстырылған сотталғандарға қолданылмайды.
Конституциялық Сот қазіргі жағдайда көрсетілген санаттағы адамдарға шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдануға шектеуді белгілеу жаза түрінің болмауымен байланысты деп көрсетті. Конституцияның 15-бабында өлім жазасын қолдануға тыйым салу белгіленген, ал қылмыстық және қылмыстық-атқару заңнамасынан бұл жөніндегі нормалар алып тасталған. Осылайша, Қылмыстық кодексте бұл шектеудің көрсетілген сотталғандар тобы үшін сақталуы Конституцияға сәйкес келмейді.
Шешімді орындау үшін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 16 шілдедегі Заңмен Қылмыстық кодекстің 72-бабы 8-бөлігінің 1) тармағы алып тасталды.
В Атырау +3