Атырау, 6 желтоқсан 08:25
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Түркістан облысында заңсыз сим-бокс құрылғысы анықталды

305 рет қаралды
Көрнекі сурет

2024 жылғы 31 шілдеде Түркістан облысы прокуратурасының бастамасымен және үйлестіруімен Алматы қаласында облыстық Полиция департаментінің Киберполиция басқармасы арнайы операция жүргізді.

Операция барысында ресми байланыс арналарын айналып өтіп, халықаралық қоңырауларды бағыттауға арналған сим-бокс – арнайы жабдықтың заңсыз пайдаланылуы анықталып, жойылды.

Аталған құрылғы бір мезгілде жүздеген SIM-картаны пайдаланып, халықаралық шығыс қоңырауларын өзгертуге мүмкіндік берген. Мұндай әрекет ұялы байланыс операторларына айтарлықтай экономикалық шығын келтіреді және қылмыстық әрекеттердің ізін жасыру үшін пайдаланылуы мүмкін.

Факт бойынша Қылмыстық кодекстің 213-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Ұйымдастырушы ұсталды.

11 тамыз, 17:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.