Атырау, 6 желтоқсан 08:25
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Астанада талмасы бар жүргізушілерді куәліктен айырды

350 рет қаралды

Елорда прокуратурасы денсаулоғыны байланысты шектеулері бар тұлғалардың көлік жүргізу фактілерін анықтады. Соның ішінде «Эпилепсия G40» диагнозы бар жүргізушілер көлік басқарған.

Шектеу бола тұра кейбір жүргізушілер көлік тізгіндеп, жолдағы адамдарға қауіп төндірген. 

Мысалы, ведомствоның мәліметі бойынша, жүргізуші рөлде отырған кезде денесі құрысып, екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Кейін ол жүргізуші  2021 жылдан бастап эпилепсия диагнозымен диспансерлік есепте тұрғаны анықталды. Жүргізуші ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Қала прокуратурасының бастамасымен сот 10 адамды жүргізуші куәлігінен айырды. «Жол жүрісі туралы» Заңының 75-бабына сәйкес, жүргізушінің денсаулығының нашарлауы медициналық қорытындымен расталған жағдайда, көлік басқару құқығын тоқтатуға заңды негіз болып табылатынын атап өтті прокуратурада. 

Қала прокуратурасы жол бойында денсаулығына қауіп төндіретін адамдарды жүргізуші куәлігінен айыру бойынша жұмысты жалғасатынын мәлімдеді. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету — жұмыстың басым бағыты деді прокуратура мамандары. 

11 тамыз, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.