Атырау, 5 желтоқсан 07:31
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Атырау маңындағы қайғылы оқиға: "Газельмен" соқтығысқан мотоцикл жүргізушісі қаза болды

Бейнежазба
586 рет қаралды

11 тамыз күні сағат 12:00 шамасында Атырау-Индер тас жолында қайғылы жол-көлік апаты болды. 

Атырау қаласы полиция басқармасы хабарлағандай, маркасы Газель автокөлігінің жүргізушісі солға бұрылыс жасау кезінде қарама қарсы бағытта келе жатқан маркасы Suzuki мотоцикліне соқтығысып, жол көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан 31 жастағы мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталуда.

Осы ретте Атырау полициясы барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, өз өмірі мен өзгелердің өміріне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Мотоцикл жүргізушілері міндетті түрде қорғаныс құралдарын киіп, қауіпсіздік шараларын ұстануы қажет. 

11 тамыз, 16:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.