Атырау, 6 желтоқсан 08:26
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Экономика, медицина және мемлекеттік қызметтегі ЖИ: Тоқаев тоғыз басым бағытты атап өтті

252 рет қаралды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Озық технологиялар ұлт дербестігінің кепіліне, экономикалық өсімнің қозғаушы күшіне айналуда деді ол. 

Президент 2033 жылға қарай жасанды интеллект нарығының ауқымы 4,8 триллион долларға жетуі мүмкін. Ал оның ғаламдық технологиялық индустриядағы үлесі 7 пайыздан 29 пайызға дейін артатынын атап өтті. Алдағы бес жылдың ішінде Қазақстан цифрлық мемлекетке айналуы керек.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің цифрлық саясатына арқау болатын тоғыз басым бағытқа жеке-жеке тоқталды:

  • жасанды интеллектіні экономиканың нақты секторына енгізуді қолға алу қажет.
  • мемлекеттік қызмет көрсету саласына жасанды интеллектіні енгізу;
  • медицина саласында жасанды интеллект қолданып, диагноз қоюға, ем-шара тағайындауға болады;
  • озық халықаралық тәжірибеге сүйеніп, жасанды интеллект туралы заң қабылдау;
  • ABCDE моделі негізінде цифрлық инфрақұрылымды дамыту;
  • суперкомпьютердің мүмкіндіктерін толық пайдалану;
  • бүкіл цифрлық экожүйені ұлттық QazTech біртұтас платформасына көшіру.

Үкімет қазан айына дейін жасанды интеллект (ЖИ) туралы заң жобасын ұсынуы тиіс, ал үш ай ішінде мемлекеттік қызметтер жүйесіне технологияларды енгізу жоспарын ұсынуы қажет. 2026 жылдың қаңтарынан бастап QazTech платформасынан тыс ақпараттық жүйелерді құруға мораторий күшіне енеді.

Тоқаев ЖИ елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруы, ауқымды оқыту бағдарламалары арқылы жаңа индустрия құруы және еңбек нарығын өзгертуі тиіс екенін атап өтті.

11 тамыз, 15:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.