Атырау, 6 желтоқсан 08:25
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Қазақстан АИ-100 маркалы бензин өндіруі мүмкін

253 рет қаралды

Қазақстанда "премиум" санатына жататын АИ-100 маркалы бензин өндіруді қолға алмақ. 

Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

Қазіргі кезде Қазақстанда АИ-100 маркалы бензин өндірілмейді. Дегенмен, отандық мұнай өңдеу зауыттарында алдағы уақытта бұл бензин түрін өндіру бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл тұрғыда техникалық-экономикалық негіздемені пысықтаған кезде, нарықтағы сұранысқа байланысты нақты автокөлік бензинінің маркаларының тізімі қарастырылады.

Бірқатар елде АИ-100 маркалы бензинін сататын жанармай құю стансаларының көбейіп келеді. Бұл осы жанармайға сұраныс артып келе жаттанын байқатып отыр.

АИ-100 маркалы бензинін спортқа арналған және суперкар көліктері, Жоғары жылдамдыққа арналған қуатты қозғалтқыштары бар автомобильдерге пайдаланады. Бұл машиналар максималды өнімділікті талап етеді. Сондықтан жанармайдың осы түрімен жүретін көліктердің қозғалтқышында қуаты мен өнімділігі артады.

11 тамыз, 15:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.