Атырау, 21 желтоқсан 21:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Жилгородокта 11 тамызда суық су уақытша болмайды

330 рет қаралды

«Атырау облысы Су Арнасы» КМК 2025 жылғы 11 тамызда сағат 14:00-ден 18:00-ге дейін Бимағанов көшесінде орналасқан “Жилгородок” көтерме-сорғы станциясында су есептегіш құралын орнату бойынша жоспарлы-алдын алу жұмыстары жүргізілетіндіктен, төменде көрсетілген мекенжайлардағы тұрғын үйлер мен нысандарға суық су беру тоқтатылатынын хабарлайды:

  • Жилгородок шағын ауданындағы тұрғын үйлер
  • Дәрігерлік амбулатория, №2 қалалық емхананың госпиталі мен емханасы, Оңдасынов көшесі, №13
  • Медициналық орталық, “Family Health Clinic” клиникасы, Оңдасынов көшесі, №13Б
  • Медициналық орталық, “Mediker” клиникасы, Севастопольская көшесі, №10А
  • Сауықтыру орталығы “Жемчужина”, Шарипов көшесі, №3Б
  • Ж.Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық лицей-интернаты, М.Әуезов көшесі, №12
  • “IT” мектеп-лицейі, М.Әуезов көшесі, №11
  • “Арабеск” би мектебі, Сәуірғалиев көшесі, №21.

КМК тұрғындардан түсіністік пен сабырлылық танытуды сұрайды.

11 тамыз, 12:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.