
Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның адвокаты қылмыс құрамы жоқ деп сот үкіміне апелляциялық шағым түсіріп, өзінің қорғауындағыларды ақтауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Заңгер Арман Дәулетьяров бұл ақпаратты растап, құжаттың сотқа жіберілгенін айтты. Алайда шағым қашан қаралатыны әзірге белгісіз.
Айта кетсек, 25 шілдеде Перизат Қайрат орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Перизат Қайраттың анасы 7 жылға сотталды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Осыдан бұрын Дәулетьяров үкімді "негізсіз әрі заңсыз" деп шағымданатынын мәлімдеген еді.
В Атырау +3