Атырау, 6 желтоқсан 08:25
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Қазақстан сарапшылары теңге әлсіреп, инфляция қарқын алады деп болжап отыр

272 рет қаралды

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы теңге бағамына қатысты жаңа болжамын жариялады. Сарапшылардың пікірінше, алдағы уақытта доллар айтарлықтай қымбаттауы мүмкін.

Қаржы сарапшылары қыркүйек айында доллар бағамы 541,7 теңгеге дейін жетуі мүмкін деп болжайды. Ал бір жылдан кейін, яғни 2025 жылдың осы кезінде, бағам 573 теңгеге дейін көтерілуі ықтимал. Бұған дейін сарапшылардың болжамы анағұрлым оптимистік болған еді – 523,4 және 548,5 теңге.

Болжамның нашарлауына бірнеше себеп бар:

  • Валюта нарығындағы құбылмалылық (волатильность)
  • Сауда балансы профицитінің төмендеуі
  • Шетел валютасына деген ішкі сұраныстың артуы
  • Шикізат нарықтарындағы бағаның тұрақсыздығы

Сарапшылардың басым көпшілігі (78%) қысқа мерзімді кезеңде базалық мөлшерлемені көтеру қажет деп санамайды. Олар Ұлттық банктің 29 тамыздағы отырысында базалық мөлшерлеменің қазіргі деңгейде сақталуын болжайды. Тек 22% ғана мөлшерлеме 16,75%-17% аралығына дейін көтерілуі мүмкін деген пікірде.


11 тамыз, 11:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.