Атырау, 6 желтоқсан 07:43
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырауда электр энергиясының бағасы 1 қыркүйектен бастап қымбаттауы мүмкін

385 рет қаралды
Көрнекі сурет

2025 жылдың 1 тамызынан бастап «Karabatan Utility Solutions» ЖШС электр энергиясының тарифі 10,67 теңгеден 13,06 теңгеге дейін өсті. Бұл өзгеріс қазірдің өзінде күшіне енгенімен, оның тұрғындар мен кәсіпорындар төлейтін бағаға әсері бірден сезілмейді.

«Атырау Жарық» ЖШС төрағасы Алтынбек Қаршегеновтің мәліметінше, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда электр энергиясының көтерме сауда нарығында Бірыңғай сатып алушы моделі енгізілген. Жаңа жүйеге сәйкес, көтерме нарықтың барлық қатысушылары, соның ішінде «Атырау Жарық» секілді энергиямен жабдықтау ұйымдары, электр энергиясын тек Бірыңғай сатып алушыдан - «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС-нан алады.

- «Karabatan Utility Solutions» сияқты өндірушілердің бағасын көтеруі Бірыңғай сатып алушының бағасына әсер етеді. Ал бұл баға біз арқылы барлық тұтынушыларға жетеді. Сондықтан өндіруші тарифі өскен жағдайда, түптің түбінде халықтың төлейтін бағасы да қымбаттайды, - дейді Алтынбек Қаршегенов «АЖ» сауалына берген жауабында.

Қазіргі таңда «Атырау Жарық» ЖШС Атырау облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаментіне 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап тұтынушылар үшін электр энергиясының шекті тарифін көтеру туралы өтініш берген. Құжат қазір қаралуда.

Демек, 1 тамызда өндіруші тарифінің өсуі - 1 қыркүйектен бастап атыраулық тұтынушылардың қалтасына тікелей әсер етуі мүмкін.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ 

13 тамыз, 17:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.