
Блогер алаяқтық үшін 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Атырау қалалық №2 сотының үкімі бойынша Нигметова алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот оның зардап шеккендерді 33 миллион теңгеден астам сомаға алдағанын, сондай-ақ бірнеше миллион теңгеге гүл тапсырыстарын төлемегенін анықтады.
Блогердің өзі кінәсін мойындамай, істің толықтай қолдан жасалғанын мәлімдейді. Оның айтуынша, айыптаулар болжалды сыбайласының куәлігіне негізделген, ал қорғау тарапының маңызды дәлелдері — геолокация деректері, алиби және уәждің жоқтығы — сот тарапынан ескерілмеген.
Іске белгілі адвокат Жанна Оразбахова араласты. Ол материалдардың қайшылығын және дәлелдеме базасының әлсіздігін атап, үкімге шағым түсіруге ниетті. Дәлелдемелерге сараптама апелляциялық инстанцияда жүргізілмек.
«Өзің тапсырыс бермеген гүлдер мен қолыңа ұстамаған ақша үшін түрмеге түсуге бола ма? Атырауда болады екен! Біздің клиентімізді алаяқтық жасады деп 6 жыл 6 айға соттады. Іс бірінші томнан бастап толығымен бұрмаланған. Одан бөлек, Рано — танымал блогер — гүлдердің суретін Instagram-ға жариялағаны оның кінәсін «дәлелдейтін» айғаққа айналды. Міне, осындай да жағдайлар болады», — деп пікір білдірді адвокат.
Істі облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қарайтын болады.
Айгүл МАНСУРОВА
В Атырау +3