Атырау, 6 желтоқсан 08:27
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​СҚО-ның 74 мектебінде қауіпті контентке тыйым салынды

192 рет қаралды

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы бірқатар аудан мен Петропавл қаласының мектептерінде "Білім туралы" заң талаптарының өрескел бұзылғанын анықтады.

74 оқу орнында балалардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін, соның ішінде зорлық-зомбылық пен суицидке үгіттейтін материал орналасқан сайттар оқушыларға қолжетімді болған. Қадағалау органының қаулысы бойынша мектеп басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, тыйым салынған ресурстарға кіруге шектеу қойылды. 

Қабылданған шаралар 11 мыңнан астам оқушының құқығын қорғауға мүмкіндік берді.

11 тамыз, 11:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.