Атырау, 5 желтоқсан 07:09
 ашықВ Атырау +1
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Каспийде жыл басынан бері 300-ге жуық өлексе табылды

506 рет қаралды
Каспий итбалығы, Canva суреті

Жыл басынан бері Каспий теңізінің Маңғыстау облысы жағалауынан 286 итбалықтың өлексесі табылды. Бұл туралы Жайық–Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы хабарлады.

Инспекцияның мәліметінше, 2025 жылдың 25 қаңтарынан бүгінге дейін табылған итбалықтар қатты ыдырағандықтан, өлу себебін анықтау мүмкін болмаған. Өлекселер жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жиналып, санитарлық талаптарға сай өртеу полигонында жойылған.

- Наурыз айында инспекция мамандары Түпқараған ауданы аумағында адасып жүрген 39 тірі итбалықтың күшігін жинап, теңізге қайта жіберді. Атырау облысы аумағында итбалықтар кездеспеді. Мониторинг жұмыстары жалғасып жатыр, деді инспекцияның балық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Алмас Жұмашев.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

11 тамыз, 15:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.