Атырау, 5 желтоқсан 08:04
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Түркияда жер сілкінді: бір адам қаза тауып, ондаған адам зардап шекті

253 рет қаралды

10 тамыз күні кешке Түркияның батысында магнитудасы 6 балдық жер сілкінісі болды. Эпицентр Балыкесир провинциясының Сындырғы ауданында 11 км тереңдікте орналасқан. Дүмпулер Измир, Стамбул және басқа да бірқатар қалада сезілді.

Сындырғыда бір ғимарат қирап, магнитудасы 4,0-ден 4,6-ға дейінгі үш афтершок тіркелді. 81 жастағы ер адам қаза тауып, 52 адам зардап шекті, оның 29-ы ауруханаға жатқызылды, 18-і ем алып шықты, 11-і дәрігерлердің бақылауында. Құтқару жұмыстарына 300-ден астам маман және 79 техника жұмылдырылды.

Елде төтенше жағдайларға әрекет ету жоспары енгізілді, президент Реджеп Тайып Ердоған зардап шеккендерге қолдау білдірді.


11 тамыз, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.