Атырау, 5 желтоқсан 08:22
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

QazaqGaz Қашағандағы ГӨЗ құрылысын тексерді

Сурет
299 рет қаралды

«QazaqGaz» ҰК” АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов Қашағандағы газ өңдеу зауытының құрылыс алаңында жиналыс жасады. Кездесуге QazaqGaz техникалық мамандары және бас мердігердің өкілдері, оның ішінде "Integra Construction KZ" ЖШС бенефициарлық меншік иесі және "KAZAKH CONSTRUCTION GROUP" ЖШС (KCG) меншік иесі Шахмұрат Мүтәліп қатысты.

Кездесу барысында құрылыс жұмыстарының ағымдағы статусы және 2025 жылдың соңына дейін негізгі жобалық кезеңдерге қол жеткізу жоспарлары талқыланды. Бүгінгі таңда алаңда 1 800-ден астам маман еңбек етуде, 370-тен астам техника жұмылдырылды, 52 титул бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жақын арада персонал саны артады. Жоба кестеден артта қалу сияқты мәселемен кезікті, бірақ қыркүйекке қарай біз жоспарланған мерзімге шығуды күтеміз. Қазір нысанның шамамен 22-25% дайын, жыл соңына қарай бұл көрсеткіш 70% - дан асады. Құрылыс 2026 жылдың соңында толығымен аяқталады.

Бүгінгі таңда объектіде көлемі 8000 және 2000 м3 құрайтын резервуарлардың гидравликалық сынағы аяқталды; 12 км астам жерасты құбырлары (НВК-1) тестілеуден өтті; сыртқы инженерлік желілерді орнату, резервуарларды жинау, металл конструкциялары мен құрал-жабдықтарды бетондау, монтаждау жұмыстары жүруде; 67,4% бетон жұмыстары, 44% құбыр төселді, резервуарлардың 30,1% орнатылды.

Жоба тұрақты оң динамиканы көрсетеді: туындап жатқан қиындықтар конструктивті түрде шешілуде. “KAZAKH CONSTRUCTION GROUP" ЖШС (KCG) бас мердігерімен және оның акционері - “Integra Construction KZ" ЖШС нәтижелі өзара іс-қимыл жолға қойылған деп атап өтті QazaqGaz.


11 тамыз, 09:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.