Атырау, 6 желтоқсан 08:25
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырау тұрғыны Украинадағы соғысқа қатысқаны үшін бес жылға сотталды ​

503 рет қаралды
Көрнекі сурет

Әлеуметтік желілерде Қазақстаннан тыс аумақта қарулы қақтығысқа қатысқан атыраулық тұрғынға шығарылған үкім туралы ақпарат пайда болды.

Сот оны ҚР Қылмыстық кодексінің 172-бабы («Шет мемлекет аумағындағы қарулы қақтығыстарға қатысу») бойынша кінәлі деп танып, 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындағаны айтылған. Үкім әлі заңды күшіне енбеген.

Іс материалдарына сәйкес, ол Ресейде жүріп келісімшартқа отырып, Украина аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан және жарқыншақтан жараланған.

Бұған дейін бейресми дереккөзден Украинада соғысқан атыраулық тұрғынның ұсталғаны белгілі болған еді. Осы ақпаратты тексеру үшін 25 сәуірде «Ақ Жайық» тілшісі Атырау облысының прокуратурасына ресми сауал жолдады. Хатта қанша адамның ұсталғаны және олардың қай тарапта — Ресей не Украина жағында — соғысқаны туралы сұралды. Кейін сауал облыстық ҰҚК департаментіне жолданды. Алайда белгіленген мерзімде жауап берілмеді.

Біз үкім бойынша облыстық соттың баспасөз қызметінен ресми түсініктеме алуға тырыстық, алайда материал жарияланған сәтте жауап болмады.

Айнұр САПАРОВА

9 тамыз, 14:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.