
Жамбыл облысында полиция кәмелет жасына толмаған екі баланы құлдықта ұстау дерегі бойынша тергеу бастады, деп хабарлайды Информбюро.
Бала құқығы жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева балалардың орналасқан жері анықталғанын және өңірлік омбудсмен Дәурен Бағжанов жағдайды анықтау үшін кеткенін хабарлады.
Бұған дейін әлеуметтік желіде қатты жүдеп кеткен екі баланы көрсеткен видео пайда болды. Видеоны жарияланған авторлардың айтуынша, балалар Талас ауданында болған. Ол жерде оларды ұрып, тамақ бермей ашықтырып, мал бағуға және қайыр сұрауға мәжбүрлеген. Баланың біреуі шамамен бес жыл осында жағдайда жүргенін және оның телефонын тартып алғанын айтқан.
Оқиғаның мән-жайын енді тергеу анықтайды.
В Атырау +3