
Солтүстік Қазақстан облысында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі департаментінің хабарламасынан кейін 20 астық қабылдау кәсіпорны қызмет көрсету тарифін төмендетті.
Оған нан қабылдау кәсіпорындарының қызмет көрсету нарығындағы — астықты қабылдау, кептіру, тазалау, сақтау және жөнелту қызметтерінің бәсекелестік жағдайын талдағанда анықталған кемшіліктер себеп болды.
Ведомствода хабарлағандай, кемшілік астықты автокөлік және теміржол көлігімен жөнелту тарифтерінің аптаның күндері мен мерекелік күндеріне қарай негізсіз айырмашылығы түрінде көрінді.
20 кәсіпорын монополияға қарсы органның дәлелін қабылдап, тарифтерді төмендетті. Бұл орақ науқаны кезеңінде ауыл шаруашылығына түсетін жүктемені азайтады.
Бір кәсіпорын хабарламаны орындаудан бас тартты — оған қатысты тергеп-тексеру ісі басталды.
В Атырау +3