Атырау, 5 желтоқсан 08:20
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​ҚМГ теңіз арқылы мұнай тасымалдауды 15,6%-ға азайтты

367 рет қаралды

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында «ҚазМұнайГаз» компаниясының теңіз арқылы мұнай тасымалдау көлемі 15,6%-ға төмендеп, 5,58 млн тоннаны құрады. Бұл туралы «Нефть и газ Казахстана.» Telegram-арнасы хабарлады.

Тасымалдау көлемінің азаюына бірнеше фактор әсер еткен. Атап айтқанда, ақпан мен сәуір аралығында Taraz және Liwa танкерлері жоспарлы түрде инертті газ жүйесін орнату үшін уақытша істен шығарылған. Сонымен қатар Каспийдегі (Ақтау – Махачкала, Ақтау – Баку бағыттары) үшінші тарап жүк жөнелтушілерінің мұнай тиеу көлемі шектелген. Нәтижесінде Каспий арқылы тасымал көлемі 10,6%-ға (985 мың тоннаға дейін) қысқарды.

Taraz және Liwa танкерлері Caspian Integrated Maritime Solutions Ltd компаниясына тиесілі – бұл ҚМГ мен БАӘ-нің AD Ports Group арасындағы бірлескен кәсіпорын.

Ал Қара және Жерорта теңіздеріндегі тасымал 16,6%-ға төмендеп, 4,6 млн тоннаны құрады. Бұл Каспий құбыр консорциумының (КТК) 2025 жылдың наурызынан бастап Aframax типті танкерлерге арналған партияларды бөлу жоспарын өзгертуімен байланысты.

8 тамыз, 14:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.