
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін басқарған Дархан Ділманов жазасын толық өтеуіне байланысты бостандыққа шықты. Бұл ақпаратты Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті растады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дархан Айтқалиұлы 2014 жылдан 2022 жылға дейін Шекара қызметінің директоры болды. Ол 2022 жылдың маусымында ұсталған еді. 2023 жылдың желтоқсанында билікті асыра пайдаланғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Сот үкімі Қытаймен шекарадағы бекеттерде анықталған заң бұзушылықтармен байланысты болған. Осы іс бойынша ол генерал-лейтенант шенінен, ІІ дәрежелі «Айбын» орденінен және ҰҚК ардагері атағынан айырылған.
В Атырау +3