
Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзе Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара барысында Абхазия және Оңтүстік Осетиямен күш қолданбау жөніндегі қандай да бір келісімдерге қол қоюға Грузия дайын емес екенін айтты, деп хабарлайды РИА Новости.
"Әрине, біз мұндай келісімдерге қол қоюға дайын емеспіз. Бұл біз үшін байыпсыз нәрсе... Территориялық тұтастықты қалпына келтірудің жалғыз жолы – бейбіт жол, ешқандай құжаттар туралы сөз қозғалмауы керек", – деді Кобахидзе 2008 жылғы оқиғаларға байланысты журналистердің сұрағына жауап беріп.
Айта кетейік, 2008 жылдың 8 тамызында Грузия Оңтүстік Осетия аумағын "Град" зымыран жүйелерінен атқылап, кейін әскери шабуыл бастаған. Ресей жауабында өз азаматтарын қорғау мақсатында әскери күш енгізіп, бес күндік қақтығыстан соң грузин әскерін ығыстырған.
Осы жылдың 26 тамызында Ресей Оңтүстік Осетия мен Абхазияның тәуелсіздігін ресми түрде мойындады. Мәскеу бұл шешім қайта қаралмайтынын бірнеше мәрте мәлімдеген. Ал Грузия бұл екі аумақты өз территориясының ажырамас бөлігі деп есептеп, олардың тәуелсіздігін мойындамай келеді.
В Атырау +4