Атырау, 6 желтоқсан 09:16
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Шымкентте «Аяла Голд» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

Бейнежазба
383 рет қаралды

Шымкент қаласы бойынша Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) департаменті прокуратураның үйлестіруімен «Аяла Голд» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты.

Зергерлік бұйымдарды сататын компания ретінде жасырынып, күдіктілер азаматтарға ай сайын 50–60% көлемінде кепілдендірілген табыс уәде етіп, инвестиция салуды ұсынған. Сонымен қатар, салынған қаражаттың сақталатынына сендірген.

Алайда, төлемдер нақты пайда есебінен емес, жаңа қатысушылардан түскен қаражат есебінен жүзеге асырылған.

Нәтижесінде қаржылық пирамидаға 400-ден астам салымшы тартылып, олардың жалпы қаражаты 1 миллиард теңгеден астам болды.

Тергеу барысында күдіктілер қылмыстық жолмен алынған табысқа бой көтеріп жатқан тұрғын үй кешенінен екі пәтер сатып алғаны анықталды. Сот санкциясымен бұл пәтерлерге тыйым салынды.

Сонымен қатар, күдіктілер өз туыстарын қаржылық схемаға тартып, оларды «дроппер» ретінде пайдаланған. Яғни, басқа салымшылардан түскен қаражатты олардың банк реквизиттері арқылы қолма-қол ақшаға айналдырған.

Қаржылық пирамиданың ұйымдастырушысы екі ай мерзімге қамауға алынды.

ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.


8 тамыз, 13:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.