Атырау, 5 желтоқсан 08:09
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Трамп: Әлиев пен Пашинян АҚШ-та бейбітшілік келісіміне қол қояды

370 рет қаралды
Сурет: AP

АҚШ Президенті Дональд Трамп Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев пен Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды Ақ үйде қабылдауды асыға күтіп отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Коммерсантъ.

«Бұл екі ұлт ұзақ жылдар бойы соғыс жағдайында болды, соның салдарынан мыңдаған адам қаза тапты. Көптеген көшбасшылар соғысқа нүкте қоюға тырысты, бірақ сәтсіз болды», — деп жазды ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Оның айтуынша, АҚШ әкімшілігі екі тараппен де «біршама ұзақ уақыт бойы» жұмыс жүргізіп келеді. 8 тамыз күні Армения мен Әзербайжан өкілдері АҚШ-та бейбітшілік келісімдеріне қол қояды.

«Америка Құрама Штаттары сондай-ақ екі елмен де екіжақты келісімдерге қол қойып, бірлесіп экономикалық мүмкіндіктерді дамытуға ниетті», — деді Дональд Трамп.

8 тамыз, 12:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.