
Мереке Зинуллин Атырау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
Мереке Мұқсиұлы Зинуллин – Атырау қаласының тумасы. 2008 жылы Атырау мұнай және газ институтын «Есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмамдап, кейін 2013 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алды.
Еңбек жолын 2008 жылы бастаған. 2011 жылдан бері мемлекеттік қызметте. Әр жылдары Атырау облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы, Құлсары қаласы әкімінің орынбасары, Жылыой аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы, сондай-ақ Атырау облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
Бұдан бөлек, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ құрамындағы Ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі құрылыс департаментінің Атырау облысы бойынша жетекші маманы лауазымында еңбек еткен.
Жаңа қызметке дейін Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімін басқарған.
В Атырау +3