
Қазақстандағы алғашқы АЭС салынуы жоспарланған Алматы облысындағы Үлкен кентінде атом электр станциясының макеті таныстырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
АЭС Балқаш көлінің жағасында "Росатом" мемлекеттік корпорациясы жетекшілік ететін халықаралық консорциумның қатысуымен салынатын болады. Жұмыстың басталуына арналған салтанатты шараға "Росатом" басшысы Алексей Лихачёв келді.
Оның айтуынша, станция әлемдегі ең озық әрі тиімді жоба бойынша салынады, оның негізінде ресейлік технологиялар жатыр.
ҚР Атомдық энергия жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев құрылыс аяқталғаннан кейін атом электр станциясының меншік иесі, операторы, уран шикізатының өндірушісі және барлық технологиялық процестердің иесі Қазақстан болады деп атап өтті.
В Атырау +3