
Павлодарда екі ұлын терезеден лақтырған әйелдің аурухана палатасы тәулік бойы полиция бақылауында тұр. Бұл туралы Павлодар облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасы хабарлады деп жазады Tengrinews.kz.
Департаменттің тергеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Абзал Ыбраевтың айтуынша, балалардың анасының жағдайы ауыр болуына байланысты бұлтартпау шарасы таңдалған жоқ, себебі әйел жүре алмайды.
Белглі болғандай, 2024 жылы ол өз-өзіне қол жұмсамақ болып, балконнан секірмек болған. Бұл дерек тіркелді, кейін қылмыс құрамының болмауына байланысты іс тоқтатылды.
Павлодардың №1 қалалық ауруханасының берген мәліметі бойынеша, 7 тамызда науқасқа ота жасалған. Екі өкше сүйегіне остеосинтез жасалды. Жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.
Әйелдің үлкен ұлының жамбас сүйектері сынған, қазір ол облыстық балалар ауруханасында ем алып жатыр.Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы жақсарып келеді. Балаға туысқаны күтім жасап жүр.
Еске сала кетсек, 30 шілдеде Павлодарда әйел 1,5 және 7 жастағы екі ұлын бесінші қабаттан лақтырып, артынша өзі де секірген. Үшеуі де бірінші қабаттың қаңқасына құлап, ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Кіші ұлы екі күннен кейін ауруханада көз жұмды.
Осы дерек бойынша кісі өлтіруге оқталу және өз-өзіне қол жұмсау туралы баптар бойынша қылмыстық іс қозғады. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел арнайы медициналық мекемеде есепте тұр.
В Атырау +3