
Жұма күні түні Израиль үкіметі премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың Газа қаласын бақылауға алу туралы шешімін бекітті. Бұл Нетаньяху кеше жариялаған анклавтың бүкіл аумағын қайтадан басып алу жоспарының бірінші кезеңі болмақ, деп хабарлайды Би-би-си.
Үкімет отырысының алдында Израиль премьер-министрі Fox News телеарнасына берген сұхбатында Газа секторын толық бақылауға алу ниетін білдірді, бірақ біржолата емес.
Израиль әскері Газа аумағының 75%-ын бақылап отыр. Израильдегі көптеген адамдар бұл жаңа жоспар ХАМАС-ты толық жеңу туралы мәлімделген мақсатқа жетуге мүмкіндік береді деп ойламайды және тірі қалған кепілге алынғандардың өмірін қауіпке тігеді деп санайды.
Times of Israel басылымының жазуынша, Газа қаласындағы операция қазіргі уақытта 800 мыңға жуық адам тұратын аумақтан жаппай эвакуациялауды талап етуі мүмкін.
В Атырау +4