Атырау, 30 тамыз 00:48
 дождьВ Атырау +19.7
$ 464.77
€ 541.36
₽ 5.41

Жеті судья тәртіптік жауапкершілікке тартылды

439 рет қаралды

6 тамызда Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтті. Отырыста 10 судьяға қатысты 10 тәртіптік іс қаралды.

Істерді қарау қорытындысы бойынша 7 судья тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде:
– 4 судья заңдылықты өрескел бұзғаны үшін (2 судьяға – сөгіс, 2 судьяға – ескерту берілді);
– 3 судья судьялық әдеп нормаларын бұзғаны үшін (1 судьяға – сөгіс, 2 судьяға – ескерту берілді).

Сонымен қатар, судьяның әрекеттерінде тәртіптік теріс қылық құрамы болмауына байланысты 3 судьяға қатысты тәртіптік іс жүргізу тоқтатылды.

Сот жюриінің шешімдері заңды күшіне енген жоқ, тәртіптік жаза қолданылған судьялар Жоғары Сот Кеңесіне шағымдануға құқылы.

8 тамыз 2025, 09:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.