Атырау, 5 желтоқсан 07:29
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Индерде көпқабатты үйдің пәтерінен өрт шықты: 15 адам эвакуацияланды

329 рет қаралды

7 тамызда Индербор кентінде С.Майдыров көшесі бойында орналасқан бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде 2-ші қабаттағы пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Алғашқы бөлімшелер келген кезде өрт 90 шаршы метр алаңды қамтығаны анықталды. Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде баспалдақ арқылы 15 адам, оның ішінде 5 бала эвакуацияланды.

Өрт толықтай сөндірілді. Өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

8 тамыз, 09:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.