Атырау, 6 желтоқсан 09:14
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Жол апатын жасаған автобус жүргізушісі рақымшылықпен босап шықты

369 рет қаралды

Астанада жол апатында кінәлі болған автобус жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс жабылды. Сол жол апатынан зардап шеккен бүлдіршін екі бірдей аяғынан айырылып, мүгедек болып қалды. 

Астана қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің берген мәліметі бойынша «Қазақстан Республикасының «Рақымшылық туралы» заңы негізінде күдікті қылмыстық қудалауды тоқтату туралы өтініш білдірді. Соған сәйкес қылмыстық іс рақымшылық актісіне байланысты тоқтатылды.

Ведомство мәліметінше, жол қозғалысы ережелерін бұзу салдарынан адам денсаулығына зиян келтірілгені бойынша жүргізілген қылмыстық іс материалдары мен сараптамалардың қорытындылары автобус жүргізушісінің кінәсін растады.

Естеріңізге сала кетсек, Астанада 2 маусым күні жолаушылар автобусы Республика даңғылымен келе жатып, жол жиегіндегі бағанға соғылған. Жол апаты салдарынан 15 адам ауруханаға түскен, оның ішінде алтауы – бала. Ауыр жарақат алған сегіз жасар қыз бала екі бірдей аяғынан айырылды. 

"Қылмыстық іс тоқтатылғанына қарамастан, бұл тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған болып есептеледі. Сонымен қатар, қылмыстық құқықбұзушылық пен өзге де заң бұзушылықтардың жасалуына ықпал еткен мән-жайларды жою туралы ұсыныс Астана қаласының әкімдігіне жолданды», – дейді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Астана қаласының әкімдігіне кеткен кемшілікті және қайғылы оқиғаға ықпал еткен себептерді жоюды талап етіп, ұсыным жолданды.

7 тамыз, 19:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.