Атырау, 6 желтоқсан 09:14
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Атырау облысында 67 діни бірлестік жұмыс істеуде

402 рет қаралды

Атырау облысында діни жағдай тұрақты. Бүгінде өңірде 67 діни бірлестік пен олардың филиалдары ресми түрде қызмет атқаруда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыстық Дін істері басқармасының басшысы Қаһарман Мұсаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, облыс аумағында 53 исламдық, 3 православтық, 3 католиктік, 7 протестанттық және 1 кришнаиттік діни ұйым тіркелген. Сонымен қатар 63 ғибадат үйі мен 24 намазхана жұмыс істеп тұр.

– Қазіргі таңда өңірде 15 мешіттің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ діни әдебиеттер мен заттарды сату үшін 34 арнайы сауда нүктесі жұмыс жасап жатыр. Діни қызметтерді заң талаптарына сай үйлестіріп, конфессияаралық татулықты сақтау – басқарманың басты міндеттерінің бірі, – деді Қ.Мұсаев.

Айта кетейік, облыста ресми тіркелген 18 миссионер бар. Олардың 11-і католиктік, 7-еуі кришнаиттік бағытты ұстанады. Миссионерлер Польша, Литва, Словакия, Филиппин, Украина, Ресей және Қазақстан азаматтары болып табылады.

7 тамыз, 19:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.