
Қазақстандағы ең ірі мұнай-газ химия кешенінің бірі – полиэтилен өндіретін Силлено зауытының құрылыс алаңында пиролиз қондырғысына арналған қада қағу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Жоба аясында 15 мыңнан астам қада орнату жоспарланған болса, бүгінде оның 50 пайыздан астамы аяқталған.
Қажетті құрылыс материалдары еліміздің әртүрлі өңірлерінен жеткізілуде. Атап айтқанда, Ақтөбе, Алматы, Орал және Атырау қалаларындағы отандық кәсіпорындар – «Батыс МЖБК», Алматы көпір құрылымдары зауыты, «Гидромаш-Орион-МЖБК» және «Евробетон» компаниялары белсенді атсалысып отыр.
Бұл жоба жергілікті қамтуды дамытуға зор үлес қосып, қазақстандық кәсіпорындарды ауқымды құрылыс жұмыстарына жұмылдыруға мүмкіндік беруде.
В Атырау +4