Атырау, 6 желтоқсан 09:15
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Атырауда 10 құрылыс компаниясына айыппұл салынды

391 рет қаралды

Қалалық прокуратура тұрғын үй құрылысына үлескерлердің қаражатын заңсыз тарту фактісі бойынша 10 құрылыс компаниясын анықтады. Аталған компаниялар жарнама арқылы заңсыз үлескер тартумен айналысқан.

Прокурорлық қадағалау нәтижесінде бұл компаниялар ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 320-бабының 1-бөлігіне сәйкес жауапқа тартылып, жалпы сомасы 10,6 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қала прокуратурасы азаматтарға үлестік құрылысқа қатысу туралы шешім қабылдамас бұрын құрылыс компаниясының лицензиясы, жер теліміне меншік құқығы және құрылысқа рұқсат құжаттарының бар-жоғын мұқият тексеруге кеңес береді.

Үлескерлердің құқықтарын қорғау – прокуратура органдарының басты басымдықтарының бірі.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

7 тамыз, 18:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.