Атырау, 6 желтоқсан 09:15
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Қызылордада зергерлік дүкендерден алтын бұйымдарын ұрлаған әйел ұсталды

279 рет қаралды
видеодан скриншот

Қызылордада зергерлік дүкендерден алтын бұйымдарын ұрлаған әйел ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласында бірнеше зергерлік дүкеннен алтын бұйымдарды ұрлады деген күдікпен 49 жастағы әйел ұсталды. Оқиға шаһардағы сауда үйлерінің бірінде орын алған. Күдікті зергерлік дүкенге кіріп, сатушыдан бірнеше сақинаны көрсетуін сұраған. 

Осы сәтті пайдаланып, сатушыны түрлі амалдармен алаңдатып, бағалы бұйымдарды жасырын түрде қолды қылған. Қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде, бұрын сотты болған Қызылорда облысының тұрғыны анықталып, ұсталды. 

Тергеу барысында оның қала аумағында орын алған тағы үш ұрлық дерегіне қатысы бары белгілі болды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар оның өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Әйел адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

7 тамыз, 17:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.