
Атырау қаласының әкімдігі жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында шұңқырларды жамау жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Жалпы жоспарланған жұмыс көлемі – 50 мың шаршы метр. Бүгінге дейін оның 20 мың шаршы метрге жуығында жөндеу жүргізілді. Жөндеу жұмыстары Самал мен Береке шағынаудандарын және бірқатар қала көшелерін қамтыды.
Қазіргі таңда Зейнолла Қабдоллов даңғылында жол шұңқырларын жою жұмыстары қолға алынған.
Жөндеу жұмыстары қала аумағында кезең-кезеңімен жүргізіледі. Тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.
В Атырау +3