
Атырау облысының ішкі нарығына 2025 жылдың тамыз айына негізгі 7535 тонна сұйытылған мұнай газы бөлінді, деп хаарлайды облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы.
Сонымен қатар, ішкі нарықтағы газ қажеттілігін қамтамасыз ету үшін Министрліктен қосымша 3000 тонна сұйытылған мұнай газы көлемі сұратылылып, 1000 тонна көлемінде СМГ бөлінді.
Ресми ақпарат бойынша, өңірде 101 газ құю бекеті бар. Қазіргі таңда сұйытылған мұнай газының жеткілікті қоры жиналып, тапшылық болмайды дейді мамандар.
Шілде айына 6965 тонна сұйытылған мұнай газы бөлінген болатын.
В Атырау +3