
Жолдың ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл, ұзындығы - 272,15 км. Жүріп өту баламалы жолмен жүзеге асырылуы мүмкін, деп хабарлайды Юрист. Параграф.
Бір бағыттағы бүкіл бағдар бойынша төлем мөлшерлемелері:
- жеңіл автокөлік – 0,0379 АЕК (2025 жылы 149 теңге, кейін төлеу), 0,0325 АЕК (127 теңге, алдын ала төлеу);
- 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері – 0,5082 АЕК (2000 теңге, кейін төлеу), 0,4319 АЕК (1698 теңге, алдын ала төлеу);
- 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 т дейінгі жүк автомобильдері – 1,0261 АЕК (4035 теңге, кейін төлеу), 0,8719 АЕК (3428 теңге, алдын ала төлеу);
- 32 орыннан астам автобустар және автопоездың жүк көтергіштігі 10 т дейінгі жүк автомобильдері – 1,5327 АЕК (6026 теңге, кейін төлеу), 1,3022 АЕК (5120 теңге, алдын ала төлеу);
- жүк көтергіштігі 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері – 2,0507 АЕК (8063 теңге, кейін төлеу), 1,7438 АЕК (6856 теңге, алдын ала төлеу);
- жүк көтергіштігі 15 тоннадан астам жүк автомобильдері – 2,5589 АЕК (10061 теңге, кейін төлеу), 2,1757 АЕК (8555 теңге, алдын ала төлеу).
ҚР Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 29 шілдедегі № 243 бұйрығын қараңыз.
7 тамыз, 16:42
В Атырау +3