
Атырау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсіруге жол бермеу және халықтың әлжуаз топтарына қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі шаралар жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлімдеді.
Жыл басынан бері делдалдық қызметке қарсы құрылған комиссия 23 рет отырыс өткізіп, нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке 15%-дан жоғары үстеме баға қосқан 20 көтерме жеткізуші анықталған.
— Облыстағы кәсіпкерлер арасында қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру мақсатында мониторингтік топ тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Осы жұмыстар нәтижесінде ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 204-4-бабына сәйкес 20 кәсіпкерлік субъектіге айыппұл салынды, — деді облыстық Кәсіпкерлік және индустрия басқармасының бөлім басшысы Ризабек Мұсағалиев.
Сондай-ақ, Үкімет бағаны әкімшілік жолмен реттеуден біртіндеп бас тартып, аз қамтылған азаматтарды қолдау үшін цифрлық азық-түлік ваучерлерін енгізу жұмысын бастап кетті. Бұл механизм «Әлеуметтік әмиян» жүйесі арқылы жүзеге асырылады және мұқтаж жандар үшін азық-түлікке қолжетімділікті арттырады.
Пилоттық жоба Ақмола облысының Ақкөл қаласында басталып, алдағы уақытта Көкшетауда жалғасын табады. Қазір үш министрліктің бірлескен бұйрығы келісу кезеңінде, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек алушыларды қолдаудың нақты алгоритмі дайындалуда.
В Атырау +3