
Ресей президентінің сыртқы саясат бойынша көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, Мәскеу мен Вашингтон жақын күндері жоғары деңгейдегі кездесу өткізуге келісімге келген. Оның сөзінше, қазіргі уақытта саммитке дайындық жұмыстары жүріп жатыр, әрі кездесудің өтетін орны да анықталған, деп жазады azattyq.org.
АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткоффтың Мәскеуге сапарынан кейін Путин мен Трамптың кездесуі мүмкін екені туралы болжамдар тарай бастады. Америкалық бұқаралық ақпарат құралдары дереккөздерге сүйене отырып, бұл кездесудің келесі аптада өтуі ықтимал екенін жазған.
Ушаков саммит өткізу бастамасын АҚШ жағы көтергенін айтты. Алайда бұған дейін кейбір америкалық дереккөздер кездесу туралы ұсынысты Ресей тарапы жасағанын хабарлаған. Ал АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Fox News телеарнасына берген сұхбатында саммит алдында екі ел өз ұстанымдарын нақтылап алуы қажет екенін атап өтті.
В Атырау +4