Атырау, 5 желтоқсан 08:07
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Канадада жаппай орман өрті салдарынан 17 миллион гектардай орман жойылған

283 рет қаралды

Канадада орын алған жаппай орман өрттерінің салдарынан шамамен 17 миллион гектар орман жойылған. Бұл туралы елдің Табиғи ресурстар министрлігі мен Орман өрттерімен күрес жөніндегі ведомствоаралық орталық (CIFFC) мәлімдеді, деп хабарлайды АА.

Бүгінгі деректерге сәйкес, ел бойынша 740-қа жуық өрт әлі де жалғасып жатыр.

Өрттен ең көп зардап шеккен өңірлер – Британдық Колумбия, Саскачеван, Альберта, Онтарио және Солтүстік-Батыс аймақтар.

Тек Манитоба провинциясында ғана 15 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланған.

Ауада түтіннің тым көп болуына байланысты денсаулыққа қауіпті ластану деңгейі тіркеліп отыр. Ауа сапасына қатысты 11 штатта ескерту жарияланған.

7 тамыз, 14:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.