Атырау, 6 желтоқсан 09:15
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырау қалалық құрылыс бөліміне жаңа басшы тағайындалды

529 рет қаралды

Атырау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы қызметіне Арнат Ондасынұлы Ондасынов тағайындалды.

Арнат Ондасынов Маңғыстау облысының тумасы. Ол 2020 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Құрылыс» мамандығы бойынша, ал 2024 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Экономика мен басқарудағы бизнес-аналитика» мамандығы бойынша жоғары білім алған.

Еңбек жолын 2019 жылы «Нұр Астана Құрылыс» ЖШС-де өндірістік-техникалық бөлім инженері ретінде бастаған. 2021-2023 жылдары түрлі жекеменшік мекемелерде өндірістік-техникалық бөлімнің директоры және директордың орынбасары лауазымдарында жұмыс істеген.

Мемлекеттік қызметке 2023 жылы келген. Осы уақыт аралығында Атырау қалалық құрылыс бөлімінде бас маман, сондай-ақ өндірістік-техникалық сектордың меңгерушісі қызметтерін атқарды.

2025 жылдың маусым айынан бастап бөлім басшысының орынбасары болып жұмыс істеген Арнат Ондасынұлы енді құрылыс бөлімінің басшысы қызметіне кірісті.

7 тамыз, 13:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.