
Ozon Holdings PLC (MOEX: OZON) компаниясы 2025 жылдың екінші тоқсанында алғаш рет таза пайда көрсетті – көрсеткіш 359 миллион рубльді құрады. Бұл туралы компания таратқан аудиттелмеген қаржылық есепте айтылған, деп хабарлайды Коммерсантъ.
Компанияның 28 жылдық тарихында бұл – бір реттік табысқа қатысы жоқ алғашқы таза пайда. Салыстыру үшін айта кетсек, былтырғы жылдың екінші тоқсанында Ozon 28 миллиард рубль көлемінде шығынға батқан еді.
Осы кезеңдегі түзетілген EBITDA 39,2 миллиард рубльге жетіп, компания 2025 жылға арналған қаржылық болжамын жаңартты. Енді Ozon жыл қорытындысы бойынша EBITDA көлемі 100–120 миллиард рубль деңгейінде болады деп күтуде. Бұл арада компанияның айналымы жылдық есеппен шамамен 40%-ға өседі деп болжануда.
Екінші тоқсандағы жалпы табыс 227,6 миллиард рубльді құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 87%-ға көп. Негізгі өсім көздері ретінде финтех бағытының пайыздық табысы (+198% жылдық өсім) және қызмет көрсету табысы (+100%) көрсетілген.
Финтех бағытындағы табыс 46,2 миллиард рубльге жетіп, салық салынғанға дейінгі пайдасы 13,1 миллиард рубль болған.
Қазіргі таңда Ozon маркетплейсі 10 елде, соның ішінде Түркия мен Қытайда да жұмыс жүргізіп отыр.
В Атырау +4