Атырау, 6 желтоқсан 09:15
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Атырауда газдалған сусын өндіретін жаңа кәсіпорын жұмысын бастады

420 рет қаралды

Бұл өңірдегі осы бағыттағы алғашқы жобалардың бірі. Кәсіпорын лимонад, кола және мохито секілді өнім түрлерін ұсынып отыр, деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Компания алдағы уақытта өнім ауқымын кеңейтіп, 2026 жылдан бастап салқын шай мен сүт өнімдерін де шығаруды жоспарлап отыр.

Өндіріс директоры Дәурен Төлеуовтің айтуынша, кәсіпорынның қуаттылығы – сағатына 2000 дана, яғни айына шамамен 960 мың бөтелке өнім өндіруге мүмкіндік береді. Жоба аясында Қытайдан әкелінген, толық автоматтандырылған 10 заманауи қондырғы орнатылған. 

Өндіріс бірнеше кезеңнен тұрады: алдымен су сүзгіден өткізіліп, тазартылады, содан кейін оған қажетті концентрат, қант және өзге де қоспалар қосылады. Газдалған сусындарға көмірқышқыл газы енгізіліп, дайын өнім бөтелкеге құйылып, жапсырмалары жабыстырылады. Одан кейін зертханалық тексерістен өтеді.

Жоба «Бірыңғай кешенді бағдарлама» шеңберінде жүзеге асырылып, Халық банкі мен «Даму» қорының қолдауымен іске қосылған.

Кәсіпорын тәулігіне 36 мың литрге дейін сусын өндіре алады. Қазір өндіріс желісінде екі ауысымда 7 қызметкерден жұмыс істейді. Жалпы алғанда, тұрақты түрде 14 маман еңбекке тартылған.

7 тамыз, 13:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.