
Ақтау қаласы маңында орын алған Azerbaijan Airlines (AZAL) әуе компаниясы ұшағының апатына қатысты түпкілікті есеп бірнеше айдан кейін дайын болады. Бұл туралы Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазір «талдау кезеңі» аяқталуға жақын. – Сабыр сақтау керек, бірнеше ай ішінде соңғы есеп дайын болады, – деді Бозымбаев.
Еске сала кетейік, әуе апаты 2024 жылдың 25 желтоқсанында болған. Embraer-190 ұшағы Бакуден Грозныйға бағыт алған. Алайда ұшақ Қазақстандағы Ақтау маңында апатқа ұшыраған. Бортта бес экипаж мүшесі мен 62 жолаушы болған. Оқиға салдарынан 38 адам қаза тапты.
Қазақстан Көлік министрлігінің алдын ала есебінде ұшақтың екі мәрте соққы алғаны, содан кейін биіктігін жоғалта бастағаны айтылған. Ал Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев әуе кемесіне сырттан әсер ету болғанын мәлімдеп, бұл апатқа байланысты Ресейді халықаралық сотқа беретінін хабарлаған.
В Атырау +3