Атырау, 6 желтоқсан 09:15
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырауда жасөспірімдер суицидінің алдын алу жүйесі енгізілді

406 рет қаралды
Облыстық білім беру басқармасына қарасты «Психологиялық қолдау орталығының» басшысының міндетін уақытша атқарушы Шынар Тукенова

Бұл туралы Атырау облысы білім беру басқармасы жанындағы Психологиялық қолдау орталығы басшысының міндетін атқарушы Шынар Тукенова мәлім етті.

Бұл бағытта облыстық білім беру басқармасының «Психологиялық қолдау орталығы» мен облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты Психикалық денсаулық орталығы өзара меморандумға қол қойып, бірлескен іс-қимыл жоспарын жасақтады.

Аталған құзырлы мекемелер суицидтік мінез-құлық белгілері бар кәмелетке толмағандарды анықтау, олармен жұмыс жүргізу алгоритмі мен көмек көрсету жолдарын біріктіріп, арнайы жүйе қалыптастырды. Сонымен қатар, өз-өзіне қол жұмсауға әрекет еткен балаларға қолдау көрсетудің бірыңғай тәртібі де енгізілді.

Шынар Қадымованың айтуынша, өңірде өткен жылдың алғашқы жеті айымен салыстырғанда биыл аталған кезеңде жасөспірімдер арасындағы суицидке ұмтылыс 41,67 пайызға азайған.

Былтыр 24 суицидтік әрекет тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш 14-ке дейін төмендеді. Бірлескен іс-шараларымыздың арқасында осындай оң нәтиже байқалды. Енді осы үрдісті сақтап қалу және жасөспірімдер арасындағы суицид санын одан әрі азайту – басты мақсатымыз, – деді Шынар Тукенова.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

7 тамыз, 19:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.