Атырау, 6 желтоқсан 09:15
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Қазақстанда неше адамға Абай есімі қойылған

310 рет қаралды

Биыл Қазақстанда ұлы ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толады. Осы ретте оның есіміне байланысты қызықты статистикамен бөлісеміз, деп хабарлайды ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы.

Елімізде Абай есімді 18 763 адам тұрады. Олардың ең көбі Астана қаласында (2 089 адам), Түркістан облысында (2 018) және Алматыда (1 719).

Олардың ең үлкені 1932 жылы туған. Абай есімді адамдардың көпшілігі 30-34 жас аралығында – 3 228 адам. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 157 жаңа туған сәбиге Абай есімі берілді.

Бұл есім қыздарға да берілген, Қазақстанда Абай есімді 10 әйел тіркелген. Елде Ибраһим есімімен (Ибрагим және Ибрахимді қоса алғанда) 35 404 адам тұрады.

Ел бойынша ақынның есімімен 1 облыс, 1 қала, 3 аудан, 26 ауыл аталған.

7 тамыз, 11:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.