Атырау, 6 желтоқсан 09:15
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырауда зейнеткер баласы мен немересін сотқа берді

317 рет қаралды

Атыраулық 80 жастағы зейнеткер сегіз баласы мен бір немересінен асырап-бағу үшін олардан алимент төлеуді талап етіп, сотқа шағым түсірген. Бұл туралы Атырау қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады. 

Талап арызында 80 жастағы зейнеткер 10 жылдан астам уақыт жалғыз тұратынын көрсеткен. Туыстарының ішінде бір ұлы ғана хабарласып тұрса, қалған балалары мен немересі ешқандай материалдық, моральдық қолдау көрсетпеген. Сонымен қатар қазір денсаулығы мен материалдық жағдайының нашарлауына байланысты ол туыстарының көмегіне зәру екенін атап өткен.  

Сот заң бойынша туысқандардың құқығы мен міндеттерін айқындап берді: 

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 145-бабының 1-тармағына сәйкес кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар көмекке мұқтаж еңбекке жарамсыз ата-аналарын асырауға және оларға қамқорлық жасауға міндетті. 

Кодекстің 153-бабына сәйкес, көмекке мұқтаж еңбекке жарамсыз аталар мен әжелер өздерінің кәмелетке толған еңбекке қабілетті балаларынан немесе жұбайынан (бұрынғы жұбайынан) алимент алу мүмкін болмаған жағдайда, еңбекке қабілетті кәмелетке толған немерелерінен алимент алуды сот тәртібімен талап етуге құқылы. 

Атырау қалалық соты тараптардың әрқайсысының материалдық және отбасылық жағдайына талдау жасап, талап қоюшының талаптары ішінара қанағаттандыруға жатады деген қорытындыға келді. 

Сот зейнеткердің тамағы мен дәрі-дәрмегі үшін 8 баласы мен немересінің әрқайсысынан 3 АЕК мөлшерінде алимент өндірді. 

7 тамыз, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.