Атырау, 6 желтоқсан 09:15
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Қазақстандықтарға 70 мың теңге төленетіні туралы ақпарат – фейк

327 рет қаралды

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 1949–2010 жылдар аралығында туған Қазақстан азаматтарына 70 000 теңге көлемінде төлем жасалады деген ақпарат тарап жатыр. Бұл мәлімет шындыққа сәйкес келмейді.

Қаражат алу үшін белгісіз тұлғалар азаматтарға күмәнді сілтемелерге өтуді ұсынуда. Алайда, уәде етілген төлем түрі мемлекет тарапынан қарастырылмаған. Сарапшылардың айтуынша, мұндай сілтемелер алаяқтар тарапынан жеке деректерді жинау үшін пайдаланылуы мүмкін.

Мемлекеттік органдар азаматтарды мұндай ақпаратқа сенбеуге және сілтемелерге өтпеуге шақырады. Ресми мәліметтерге сәйкес, әлеуметтік қолдау шаралары туралы хабарламалар тек 1414 нөмірінен жіберілетін SMS арқылы таратылады.

Сонымен қатар, жауапты органдар азаматтарға тек ресми дереккөздерге сүйенуді ұсынады және жалған ақпарат таратудың заң алдында жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.

7 тамыз, 00:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.